Чавушоғлу Түркияның байсалды сыртқы саясаттарын түсіндірді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Түркияның жаңа коронавирус процесінде де байсалды сыртқы саясат жүргізгенін білдірді.

1551801
Чавушоғлу Түркияның байсалды сыртқы саясаттарын түсіндірді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Халықаралық қарым-қатынастар кеңесі  тарапынан ұйымдастырылған "15-ші Қауіпсіздік академиясы: Түркияның қауіпсіздік мәселелері және саясаттары" атты жиналыстың жабылу сессиясында сөз сөйледі.

Ковид-19 эпидемиясы процесінде көптеген елде медициналық жүйенің күйреуге аз қалғанын түсіндірген Чавушоғлу "Өндіріс негізіміз мықты болғандықтан тұтынушы бұйымдар және медициналық жабдықтарда ешқандай қиыншылық шеккен жоқпыз. Керісінше көптеген елдерге де жәрдем бердік" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу індет кезеңінде сыртқы саясат алаңында ешбір олқылықтардың болмағанын баяндап, "Сирия, Ливия, Шығыс Жерорта теңізі, Кипр және Таулы Карабах сынды маңызды тақырыптарда пандемияға қарамастан байсалды саясат жүргіздік" деді. 

Таулы Қарабах тақырыбына да тоқталған Чавушоғлу "Таулы Қарабах мәселесінде келген түйінде Әзербайжанмен селбесе отырып, Армениямен жаңа бір парақ ашуымызға болады. Армения атысты тоқтату келісімін атқарып, Әзербайжанның территория тұтыстығына құрмет көрсететін болса онда қарым-қатынастар қалыпқа түседі. Осыған қарата қадам басамыз. Осы процестен ең көп пайдаланатын да Армения халқы болады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар