Түркияның террор ұйымдарымен күресуі жалғасады

Өмер Челик партиясының Орталық атқару кеңесі жиналысында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

1550213
Түркияның террор ұйымдарымен күресуі жалғасады

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның соңғы кездерде солтүстік Ирактағы шабуылдарының күрд дұшпандығының бір дәлелі екенін айтты.  

Өмер Челик партиясының Орталық атқару кеңесі жиналысында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. 
PKK-ның күрд дұшпандығының бір дәлелі ретінде соңғы кездерде солтүстік Ирактағы күштерге шабуыл жасағанын тілге тиек еткен Челик былай деді: "PYD/YPG Сирияның солтүстігінде, сонымен қатар Ирактың солтүстігінде елді мекендерге, түрікмен, араб және күрд халқына дұшпандық жасауда. PKK бұл жерде кім оларға қарсы шықса соларға шабуыл жасауда. Ең соң солтүстік Ирактағы күрдтер өмір сүрген аймақтағы қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады" .
Түркияның PKK террор ұйымымен күресінің өте маңызды екенін айтқан Челик "PKK  және басқа террор ұйымдарымен күрес табандылықпен жалғасады" деді. 
 



Ұқсас жаңалықтар