PKK/YPG-лік 8 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағы PKK/YPG-лік 5 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер парақшасынан жасалған хабарламада террористердің «Бейбітшілік бұлағы» аймағындағы бейбіт және сенімді ортаны бұзу мақсатты шабуыл жасағанын білдірді.
Хабарламада PKK/YPG-лік 5 террористің тойтару ережелеріне сәйкес залалсыздандырылғаны білдірілді.
Мәлімдемеде аймақтағы бейбіт және сенімді ортаны жалғастыру үшін әртүрлі шараның қабылданатыны атап көрсетілді.
Басқа жағынан Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.
ҰҚМ жасаған мәлімдемеде «Ирактың солтүстігі Авашин аймағында барлау және бақылау құралдарымен анықталған PKK-лық 3 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды. Соңғы террористің көзін жоймайынша операциялар жалғасады» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Террормен күрес Ирактың солтүстігінде жалғасуда
Ұлттық қорғаныс министрлігі әуе операциясы жасалғанын мәлімдеді.
Президент Ердоған «1 мамыр Еңбек және ұйымшылдық күнімен» құттықтады
Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жариялады.