PKK-лық 14 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1540792
PKK-лық 14 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағына кіруге әрекет жасаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Тәртіп пен сенімді ортаны бұзу үшін «Бейбітшілік бұлағы» аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 3 террорист батыр десанттарымыз тарапынан залалсыpдандырылды» делінді.

Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин және Зап аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 11 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин мен Зап аймақтарында барлау және күзету құралдары арқылы анықталған 11 PKK-лық террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды. Соңғы террорист жойылғанша операцияларымыз жалғасады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар