Ұлттық Қорғаныс министрі "Ирини" операциясын сынға алды

"Ирини операциясы халықаралық заңдар тұрғысынан мықты негіздерге сүйенбейді"

1533558
Ұлттық Қорғаныс министрі "Ирини" операциясын сынға алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Жерорта теңізінің шығысындағы «Ирини» операциясының халықаралық заңдар тұрғысынан мықты негіздерге сүйенбегенін атап көрсетті.

Хулуси Акар журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды. Ливияға теңізден қару саудасын бақылауға бағытталған «Ирини» операциясының табыссыз басталған бір операция екенін атап көрсеткен Акар «Халықаралық заңдар тұрғысынан мықты негізге сүйеніп жатқан жоқ» деді.

Акар заңсыз тінтілген түрік кемесі тақырыбында «Өкінішке орай одақтастар жасаған  мәлімдемелер толығымен шындыққа жатпайды, кейбір шындықтарды әдейі бұрмалайды» деді.

Түрік байрақты «ROSELINA-A» атты жүк кемесі азық-түлік жәрдемдерін Стамбулдан жүктеп, Ливияға қарай бет алған болатын.

Кеме алдынғы түні Грекия Теңіз күштерінен бір қолбасшының бұйрығымен жасалған «Ирини» операциясында қызмет еткен бір неміс фрегаты тарапынан Мора аралының оңтүстік батысында халықаралық заңдарға қайшы түрде тоқтатылды.

Капитанның тасымалданған жүктің ішкі мазмұны мен құжаттарының тұтас толық екені жайлы берген ақпаратына қарамастан "күдік байқалды" деген сылтаумен түн ортасына дейін жалғасқан бұл операция Түркияның табанды наразылығы нәтижесінде тоқтатылды. Қарулы әскерлер азанғы уақытқа дейін кемеде күтіп, таң атқан уақытта кемеден кеткен еді.

«Ирини» операциясы БҰҰ Ливияға бағытталған қару эмбаргосының бақылануы үшін Еуроодақ тарапынан Жерорта теңізінде басталған дау-дамайлы бір операция болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар