Төрт террорист залалсыздандырылды

Аймақтағы операция жалғасуда.

1524572
Төрт террорист залалсыздандырылды

Йылдырым-10 операциясы шеңберінде Ванда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше екі террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Йылдырым-10 операциясы шеңберінде Ван қаласының Чалдыран ауданы Тендүрек тауы аймағында операция жүргізілді. Қалалық жандармерия қолбасшылығына қарасты жандармерия арнайы жасақтарының операциясында екі террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

Аймақтағы операция жалғасуда.

Сонымен қатар Сирияда «Евфрат қалқаны» операциясы аймағына енуге тырысқан екі террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террорлық ұйым PKK/YPG- ге мүше екі террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар