Түркия Еуропа Одағымен интеграция жасаған ел

Чавушоғлұ Анталияда ұйымдастырылған (GDAÜ) бейресми сыртқы істер министрлері жиналысының беташарында сөз сөйледі.

1523076
Түркия Еуропа Одағымен интеграция жасаған ел

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Анталияда ұйымдастырылған Оңтүстік Шығыс Еуропа ынтымақтастық процесі(GDAÜ) бейресми сыртқы істер министрлері жиналысының беташарында сөз сөйледі. 

Министр Чавушоғлұ Еуропа Одағы интеграция процесінің әсіресе 1990-шы және 2000-шы жылдарының басында көптеген аймақ еледрінің өзгірісі мен дамуына мұрындық болғанына назар аударды. Чавушоғлұ сонымен қатар Еуропа Одағымен көптеген салада интеграция жасаған бір ел ретінде Түркияның Еуропа Одағының бағыттарының  табысты болуын, сондай-ақ бөле-жарушылық емес, бірлестіруші болуын тілегенін түсіндірді. 

Чавушоғлұ "Әсіресе Еуропа көлемінде өрбіген шетелдік дұшпандығы, нәсілшіл және Ислам дұшпандығы секілді ағымдар Еуропа Одағының құндылығына болымсыз ықпал жасауда" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар