Президенттік Үкімет кабинеті жиналды

Ердоғанның басшылығындағы жиналыста Измирдегі зілзаладан кейінгі жұмыстар мен аймақтағы соңғы жағдай қолға алынды.

1520916
Президенттік Үкімет кабинеті жиналды

Президенттік Үкімет кабинеті сағат 15.55-те Бештепеде жиналды. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өтетін жиналыста Измирдегі зілзала, аймақтағы соңғы жағдай, зілзалаға байланысты істелетін жұмыстар қолға алынды.

Жиналыстың басқа күн тәртібі болса, жаңа типті коронавирус індетімен күрес. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркиядағы індеттің соңғы жағдайы, вируске қарсы вакцина және дәрі-дәрмек жұмыстары жайлы кабинет мүшелеріне мағлұмат береді. Жиналыста індетке байланысты сақтық шалалары талқыланады. 

Әзербайжан-Армения майдан желісіндегі оқиғалар, террормен күресу, Шығыс Жерорта теңізі және Сириядағы соңғы оқиғалар үстелде болады. 

Жиналыстан кейін президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасайды. 

 



Ұқсас жаңалықтар