9 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1520143
9 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жүрген аймақта жеті, «Евфрат қалқаны» операциясы жүрген аймақта екі,  барлығы террорлық ұйым PKK-ның тоғыз террористі залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террористтердің әскери операциялар жүргізілген аймақтарға шабуыл жасауға талпынғанын білдірді.

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның солтүстігіндегі террорлық ұйымдарға қарсы «Евфрат қалқаны» операциясы 24 тамыз 2016-29 наурыз 2019 аралығында,  «Бейбітшілік бұлағы» операциясы 9 қазан – 25 қазан 2019 күндері аралығында жүргізілген болатын. Екі операция арқылы аймақ терроризмнен тазартылды.



Ұқсас жаңалықтар