6,6 балдық жер сілкінісі болды

Байраклы ауданында қираған бір ғимаратта құтқару жұмыстары басталып кетті.

1518868
6,6 балдық жер сілкінісі болды

Измирдің Сеферихисар ауданына жақын жерде 6,6 балдық жер сілкінісі болды.

Апат және төтенше жағдай басқармасының интернет парақшасында жарияланған мәліметке қарағанда, сағат 14.51-де Эгей теңізінде Измирдің Сеферихисар ауданына 17 км жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі теңіздің 16,54 км тереңдігінде болды.

Измир қаласы әкімі «Бізге жеткен жаман хабар жоқ. Дағдарыс орталығына барамыз. Мәлімет келсе,  білдіреміз» деді.

Байраклы ауданында қираған бір ғимаратта құтқару жұмыстары басталып кетті.  Жер сілкінісін Стамбулда да сезді.  Стамбул әкімі Али Йерликая «Стамбулда да сезілген жер сілкінісіне байланысты жағымсыз хабар келген жоқ.» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар