Франциядағы адамгершілікке жат карикатураға наразылық

Түрік басшылар карикатураға лағінет оқыды.

1517271
Франциядағы адамгершілікке жат карикатураға наразылық

Вице-президент Фуат Октай «Charlie Hebdo» атты француз сатира журналының президент Режеп Тайып Ердоған жайлы жазғандарына лағінет оқитынын білдірді.

Ол әлеуметтік желіден: «Сөз бостандығының артына жасырынып ешкімді алдай алмайсыңдар. Француз журналының президентіміз жөніндегі адамгершілікке жатпайтын жазбаларына лағінет оқимын. Ұжданы бар халықаралық қоғамды осы оқиғаға қарсы шығуға шақырамын» деп жазды.

ТР Әділет министрі Адлухамит Гүл де әлеуметтік желіден: «Еуропаның адамгершілік құндылықтарынан мақұрым фашисттері, сөз бостандығы не екенін білмейсіңдер. Тарихтан жинақталған құқықсыз, адамгершіліксіз, ұят парақшаларына күн сайын жаңасын қосып отырсыңдар. Мына біліңдер: президент Режеп Тайып Ердоған ешқашан жалғыз болмайды» деп жазды.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да президент Ердоғанды нысанаға алған «карикатура» жариялаған француз журналын айыптады.  Наразылығын әлеуметтік желі Twitter-де білдірген Калын: «Ешбір наным,  қасиетті және құнды нәрсеге құрмет көрсетпейтін француз журналының президентімізге байланысты жариялағандарын айыптаймыз.  Бұлар тек осылайша өздерінің адамгершіліксіз екендерін көрсетеді. Адам құқықтарына шабуыл сатира және сөз бостандығы деп есептелмейді» деді.

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да «Бұл журналдың мәдени нәсілшілдік және жек көрушілікті таратуға тырысқанын айыптаймыз. «Карикатура» адамның жүрегін айнытады,  сонымен бірге адамгершіліктен мақұрым. Бұл француз лидерінің елі үшін қалайтын шетел дұшпандығы, Исламофобия және толерантсыз атмосферасының өнімі» деді.

Француз журналына басқа бір наразылық та Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челиктен келді.  Челик: «Осындай сана адамның жүрегін айнытатын деңгейге келді» деді.  Челик президент Ердоғанның табанды ұстанымының осы екі жүзді саясатты үстелде және алаңда жеңіліске ұшырататынын айтып, нанымдарға құрмет көрсететін баршаны осы журналға лағінет оқуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар