4 террорист залалсыздандырылды

Аймақтағы операциялар арқылы соңғы бір айда ел ішінде 46, шетелде 61, жалпы 107 террорист заласыздандырылды.

1510622
4 террорист залалсыздандырылды

Сирияның "Бейбітшілік бұлағы" операция аймағында бөлшектеуші террористік ұйым PKK/YPG мүшесі 4 террорист залалсыздандырылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террористердің "Бейбітшілік бұлағы" операция аймағына қорқыту үшін оқ атқаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

""Бейбітшілік бұлағы" операция аймағына қорқыту мақсатымен оқ атқан PKK/YPG мүшесі 4 террорист әскери қолдау құралдарымен залалсыздандырылды" деп көрсетілді.

Аймақтағы операциялар арқылы соңғы бір айда ел ішінде 46, шетелде 61, жалпы 107 террорист заласыздандырылды. 

Түрік Қарулы Күштері мен Сирия Ұлттық армиясы Сирияның солтүстігіндегі террористерге бағыттап 2019 жылы 9 қазанда "Бейбітшілік бұлағы" операциясын бастаған. 2019 жылы 22 қазанда операция табыспен аяқталып, 2 мың 200 километрлік өңір PKK/YPG террористік ұйымынан құтқарылған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар