Емине Ердоған салғызған үйлер табыс етілді

Жоба шеңберінде 810 азамат баспана иесі болды.

1510362
Емине Ердоған салғызған үйлер табыс етілді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның Сирияда салғызған үйлері иелеріне табыс етілді.

Сирияда Башар Асад әкімшілігі және жақтаушыларының шабуылдарында үйлерінен айрылып қалған азаматтар үшін Емине Ердоған елу үй салғызды.

Ішкі істер министрлігі бастаған «Идлибтің жанындамыз» жобасы аясында салынған үйлердің осымен 162-сі табыс етілді.

Шамамен үш ай созылған жоба шеңберінде 810 азамат баспана иесі болды.

Үйлердің табыс етілуі жиынына Хатай қалалық әкім орынбасары Салих Алтун қатысып, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуның соғыстан зардап шеккен халық үшін елу мың үй жобасын бастатқанын еске салды. «Жобаға көптеген жерден қолдау келді.  Бүгін де Емине Ердоған бағыштаған елу үй мұқтаждарға табыс етілді» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар