Ағрыда 6 террорист залалсыздандырылды

«Йылдырым-3» операциясы аясында PKK-лық 6 террорист залалсыздандырылды.

1508908
Ағрыда 6 террорист залалсыздандырылды

Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 6 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында басталған және жалғасып жатқан операцияда 6 террористің әуе күштерінің де қолдауымен залалсыздандырылғаны білдірілді.

Ағры губернаторлығы жасаған мәлімдемеде болса 6 террористің залалсыздандырылуымен 2020 жылы 3-13 қазан күндері арасында жүзеге асқан операцияларда Доғыбеязыт ауданы мен Ағры ауылдық аймақтары бойынша залалсыздандырылған террорист санының 9-ға жеткені атап көрсетілді.

Операцияларда террористтерге тиесілі қару мен көптеген тіршілік материалының да қолға түскені атап көрсетілген мәлімдемеде операциялардың жалғасқанына орын берілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі сондай-ақ «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуылдаған PKK/YPG-лік 3 террористің де залалсыздандырылғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар