Ердоған Анкараның астана болуының жылдығымен құттықтады

Анкараның "Астана" деп жариялануының жылдығымен құттықтаған Ердоған Ататүрікті қамтыған батырларымызды еске алды.

1507707
Ердоған Анкараның астана болуының жылдығымен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараның 1923 жылы 13 қазанда "Астана" болуының жылдығына орай үндеу жариялады.

Азаттық күресінің базасы және Түркияның тәуелсіздігі мен болашағы үшін жасалған шешімдердің орталығы болған Анкараның "Астана" деп жариялануының жылдығымен құттықтаған Ердоған үндеуінде мыналарды атап көрсетті:

"Ұлт азаттық соғыс кезеңінде (1919-1923) жәнеТүркия Республикасының құрылу процесінде тарихи рол атқарған Анкара бүгін де ұлттық жігердің бейнесі болған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісімізді қамтыған маңызды мемлекеттік ұйымдарымызға үй иесі болып, еліміз үшін өскелең мәртебесін жалғастыруда.

Осы абыройлы да мағыналы күнде Республиканың құрушысы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті қамтыған Ұлттық күрес батырларымызды, барлық шейіттерімізді және ардагерлерімізді құрмет және борыштылық сезіммен еске аламыз. Анкараның астана болуының жылдығымен құттықтаймын, азаматтарымызға шын жүректен сәлем жолдаймын." 



Ұқсас жаңалықтар