Қарабах Армения оккупациясынан құртылғанға дейін күрес жалғасады

Президент Ердоған Кония Қалалық ауруханасының беташарына қатысты.

1501790
Қарабах Армения оккупациясынан құртылғанға дейін күрес жалғасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Қарабах Армения оккупациясынан құртылғанға дейін күрес жалғасатынын білдірді.

Кониядағы Қалалық аурухананың беташарына қатысқан президент Ердоған Арменияның Қарабах проблемасы шешілместен қайтадан шабуылдағанын,  бұл жолы күтпеген нәтиже көргенін айтты.  Бауырлас Әзербайжанның басқыншылық астындағы Таулы Қарабахты азат ету үшін үлкен операция бастағанын және қазірге дейін табысты түрде алға жылжыған Әзербайжан армиясының көптеген жерді азат еткенін білдірді. Ол «Барлық мүмкіншілігіміз және шынайы жүрегімізден дос және бауырлас Әзербайжанның жанындамыз. Қарабах басқыншылықтан құтқарылғанға дейін осы күрес жалғасады» деді.

Жерорта теңізінің шығысындағы оқиғаларға да тоқталған президент Түркияның Ливия келісімімен Жерорта теңізінің шығысының көп бөлімін заңды алаңға айналдырғанын тілге тиек етті.  «Сириядан Жерорта теңізі және Кавказға дейін созылған дағдарыстарды бірлестіргенде шығатын көрініс Түркияның қоршауға алуға тырысылғанын көрсетеді» деді ол. Президент Түркияның тұтастығын,  түрік ұлтының бірлігін,  мемлекеттің күшін қорғай отырып,  бір жағынан да осы қоршауды жаратын қадам басатындарын айтты.

«Сирияда бізді қорқытуға тырысқандар табыссыз болатындарын көруі керек.  Елімізге қауіп төндіретін барлық жер - біз үшін қозғалыс алаңы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар