Ердоған Әйелдер тақырыбындағы 4-ші конференцияға бейне көрініс жолдады

Президент: Мықты әйел, берік отбасы, күшті қоғам.

1501214
Ердоған Әйелдер тақырыбындағы 4-ші конференцияға бейне көрініс жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Еліміздегі бірде-бір әйелдің зорлық-зомбылыққа ұшырауына еш уақыт шыдай алмаймыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 75-ші Бас Ассамблеясы аясында ұйымдастырылған «Әйелдер тақырыбындағы 4-ші конференцияның 25 жылдығына орай Жоғары деңгейлі іс-шараға» жолдаған бейне көрініспен қатысты.

«Түркия ретінде соңғы жылдары әйелдің әлеуметтік өмірдегі рөлін күшейту үшін тарихи маңызға ие қадамдар бастық. «Мықты әйел, берік отбасы, күшті қоғам» қағидасына сүйене отырып, біз әйелдер мен қыздарға білім беру арқылы жұмыс күшіне қосылуын ынталандырдық» деген Ердоған әйелге бағытталған зорлыққа қатысты жұмыстарға да тоқталып, «Әйелге бағытталған зорлық-зомбылыққа қарсы күресті көп қырлы, тұтас және нөлдік төзім қағидасымен жүзеге асырамыз. Біз еліміздегі бір әйелдің зорлық-зомбылыққа ұшырауына, оның құқығы, заңы мен қадір-қасиетін бұзуға ешқашан шыдай алмаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар