Ердоған ЕО лидерлеріне хат жолдады

Ол Түркияның Жерорта теңізінің шығысындағы көзқарасы мен проблеманың шешіміне байланысты ұсыныстарын жеткізді.

1500052
Ердоған ЕО лидерлеріне хат жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы мекемелерінің басшыларына және мүше елдердің лидерлеріне бір-бір хат жолдады.  Ол Түркияның Жерорта теңізінің шығысындағы көзқарасы мен проблеманың шешіміне байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Ердоған хатында «Грекиямен шартсыз диалогқа дайын екенімізді тағы бір рет қайталаймын.  Осы шеңберде келіспеушіліктің азайтылуы үшін НАТО Бас хатшысының теңіз және әуе элементтерін бөлу бастамасына да басынан бері қолдау бергенімізді назарға ұсынамын» деді.

Грекия мен Кипр понти әкімшілігі тысындағы ЕО елдеріне жолданған хатта президент Ердоған Жерорта теңізінің шығысы мәселесінде әділ және бейбіт шешім табылуының баршаның ортақ жауапкершілігі екенін атап көрсетті. «Сондықтан ынтымақтастық пен диалогқа қолдау беру қажет, осы дағдарыст одан сайын күрделендіретін қадам мен шешімдерден аулақ болу керек. Біздің шынайы тілегіміз 18 наурыз келісімінің қазірге шарттарды да назарға ала отырып жаңалау,  Түркия мен ЕО қатынастарын сатылай жақсарту. Осының жолының заңсыз көш,  терроризм, энергия секілді көптеген салада қарым-қатынастарымыздың ортақ мүдде үшін өміршең маңызда екеніне сену екенін айтып, осы мақсат үшін қолдауыңызды күтемін» деді ол.

Грекия мен Кипр понти әкімшілігі тысындағы ЕО елдеріне жолданған хатта президент Ердоған Түркия мен ЕО қарым-қатынастары және осы қатынастардың алға басуының Түркия үшін  әрқашан маңызды тақырып екенін айтты.  Ол осы процеске байланысты Әділет және даму партиясының билігі кезінде үлкен жетістіктер болғанын еске салды.

Түркия мен Еуропа Одағы байланыстарында алпыс жылдан астам бойы түрлі проблемалар болғанын білдірген Ердоған: «Соңғы кезде Жерорта теңізінің шығысында болған оқиғалар себебімен қатынастармыз жаңа бір сынақ алдында. Осы хатта сіздерге Түркияның Жерорта теңізінің шығысына байланысты көзқарасы мен проблемалардың шешіміне байланысты ұсыныстарымды жеткіземін. Жерорта теңізінің шығысына байланысты саясатымыздың негізгі екі бағыты бар.  Біріншісі Жерорта теңізінің шығысында теңіз өкілеттік алаңдарының халықаралық құқыққа сай, әділ  шектелуі және құрлық қайраңындаңы егемен құқық пен өкілеттіктеріміздің қорғалуы. Екінші мақсатымыз Кипр түріктерінің Кипр аралының тең серігі ретінде аралдың көмірсутек резервтеріндегі тең құқық пен мүддесінің кепілге алынуы.

Осы мақсаттарымыз шеңберінде Түркия Жерорта теңізінің шығысының барлық тарап ынтымақтасатын,  көмірсутек резервтері әділ бөлісілетін,  бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған аймақ болуын тілейміз. Көмір және болат Еуропа Одағының бастауын қалыптастырғаны секілді.  Көмірсутектің Кипрда шешімге және үлкен ЕО қалыптасуына негіз болуын қалаймыз» деді.

Жерорта теңізінің шығысында жалғасып жатқан келіспеушіліктің жауаптысының Түркия емес,  Грекия мен Кипр понти әкімшілігі екенін атап көрсеткен президент Ердоған: «Бүгінгі жағдайға грек-понти екеуінің Түркия мен Кипр түріктерін елемеуі,  бір жақты қадам басуы, Еуропа Одағының бұған 2003 жылдан бері көрермен болып қалуы жол ашты.  Кипр проблемасы шешілмей ЕО-қа мүше ретінде қабылданған Оңтүстік Кипр понти әкімшілігі Кипр түріктеріне құлақ аспай, 2003, 2007 және 2010 жылдары көрші елдермен теңіз шекарасы жөнінде келісімдер жасады, 2007 жылы халықаралық тендерлер ашты және 2011 жылы алғашқы бұрғылауын жүзеге асырды» деген сөздер қолданды.

         Грекияның Кипр понти әкімшілігімен бірге Түркияны Анталия шығанағына тығуды нысанаға алған,  максималист теңіз шекарасы арманян Еуропа Одағын қолдану арқылы Түркияға қабылдаттыруға тырысқанын айтты. Ол «Грек және понтилер мұнымен де шектелмей,  Түркия мен Кипр түріктеріне қарсы Жерорта теңізінің шығысы газ форумы деген есіммен бір механизм құрып,  айырықша аймақ елдерімен Түркияға қарсы үштік және төрттік механизмдер қалыптастырды.  Түркия болса Жерорта теңізінің шығысында әрі өзінің, әрі Кипр түріктерінің құқықтарын қорғау үшін дипломатиялық салмақ салып,  алайда диалог және ынтымақтастыққа шақыруларымыз нәтиже бермеді.  Сондықтан алаңдағы қадамдарымызды жеті жыл күткеннен кейін 2018 жылы баса бастадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар