Үшінші саты сынақтағы вакцина Түркияда бірінші рет егілді

Қытайдың вакцинасы Түркияда бірінші рет 53 жасар Асым Баштүрік атты азаматқа егілді.

1498726
Үшінші саты сынақтағы вакцина Түркияда бірінші рет егілді

Стамбул Университеті Джеррахпаша медициналық факультетінде коронавирустың жаңа түріне қарсы Қытайдың вакцинасы бірінші рет егілді.

Үшінші саты сынақтағы вакцина Түркияда бірінші рет ауруханада жұмыс істейтін 53 жасар Асым Баштүрік атты азаматқа егілді.

Джеррахпаша медицина факультеті Инфекциялық аурулар клиникасының Микробиология кафедрасының меңгерушісі Проф. Фехми Табак пандемияның аяқталуы үшін екі фактор бар екенін, бұлардың бірінің қоғамдағы қорғауға антидененің 50 пайызға артуы, екіншісінің вакцина жұмыстары екенін айтты.

«Вакцина жұмыстары үміт отын жағады.  Әлемде 230-дан астам вакцина зерттеуі жалғасуда. Отызы клиникалық сатыға өтті. Жұмыстардың нәтижесінде вакцина ықпалдылығын көрсетсе,  желтоқсан және қаңтар айларында егіле бастайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар