26 қыркүйек Түрік тілі мерекесі

Президент Ердоған 26 қыркүйек Түрік тілі мерекесіне орай құттықтау жариялады.

1497411
26 қыркүйек Түрік тілі мерекесі

Президент Режеп Тайып Ердоған білімнен мәдениетке дейін, саудадан байланысқа дейінгі барлық салада түрік тілінің әлеуетінің артуын мақтаныш сезімі деп мәлімдеді.

«Біз түрік тілін тіліміздің барлық байлығын қамтитын түсінікпен қорғауды жалғастырамыз» деді ол.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге сәйкес, президент Ердоған 26 қыркүйек Түрік тілі мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Әлемнің ең ежелгі және кең таралған тілдерінің бірі түрік тілі өзінің құндылығын, байлығы мен артықшылығын бүгінде әртүрлі диалектілермен кең географияда көрсететіндігін айтқан Президент Ердоған түрік ұлтының мыңдаған жылдық жазба мәдени тарихы, үздіксіз мемлекеттік дәстүрі және өркениеті үшін түрік тіліне қарыз екенін айтты.

Ол мәдениет пен өркениеттің іргетасы болып табылатын тілдің  ұлттың болмысы мен сипатының ең анықтаушы элементі екеніне назар аударды. Ердоған тілінен айрылған қоғам үшін басқа құндылықтарды қорғау өте қиын екенін атап өтті.

Президент Ердоған өзінің жолдауында:

«Біз ғылым, техника, экономика, өндіріс, сауда және әр саладағы заманауи өркениеттер деңгейінен жоғары көтерілу үшін күресе отырып,  өз тілімізді өзіміздің «ұлттық рухымыз» деп санап, оны қорғауға міндеттіміз. Тіл қоғамды өз тарихымен байланыстырып, болашаққа қадам басудың ең маңызды құралы. Күнделікті тұрмыстан әлеуметтік медиа желісіне дейін барлық салада түрік тілін дұрыс және әдемі қолдануға мұқият болу бай тілдік мұрамызды болашақ ұрпаққа қалдырудың ең маңызды қадамы болмақ» деді.

Түркиямен бірге Еуропадан Азияның ең шеткі жеріне дейін ауқымды территорияда қолданылған түрік тілінің маңызын күн өткен сайын жақсы түсіну керектігін атап көрсетті.  Президент: «Білім беруден мәдениетке,  саудадан коммуникация саласына дейін түрік тілінің әлеуетінің арта бастағанын көру –біз үшін мақтаныш. Тіліміздің байлығын сақтауымыз керек.  Осы шеңберде 26 қыркүйек Түрік тілі мерекесі ұлтымыз үшін сананың артуына себепші болсын деп тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар