Президент Ердоған мен Еурокомиссия төрайымы кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті.

1496556
Президент Ердоған мен Еурокомиссия төрайымы кездесті

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары және аймақтық жаңалықтар қолға алынған кездесу шамамен 40 минутқа жалғасты.

Президент Режеп Тайып Ердоған кездесу барысында шығыс Жерорта теңізі дағдарысының арғы жағында Грекия мен Понтилердің максималист ұстанымдармен Түркия және Кипр түріктерін құқығын «жоқ» деп есептегеніне назар аударды.

Дағдарыстың шешімі үшін қашан да келіссөз процесін қолдағандарын атап көрсеткен Ердоған Түркияның Грекиямен келіссөзге дайын екенін, дипломатияға берілген бұл мүмкіншіліктің бұрын болғандай Грекия тарапынан тағы босқа кетерілмеуі тіледі.

Президент Ердоған Түркия-ЕО арасында 18 наурыз (иммигранттар) келісімі, Кеден одағы келісімін жаңарту және виза жеңілдігін қамтамасыз етуге бағытталған қадамдарды басудың бұл қарым-қатынастарды жақсарту үшін сенімді бір негіз болатынын білдірді.

Президент Ердоған мигранттарға қатысты ауыртпалық пен жауапкершілікті әділ бөлісуге шақырды. Кездесуде ЕО-тың Грекия және Еуропа шекара мен жағалау күзеті агенттігінің (Frontex) кері қайтару шаралары кезіндегі заң бұзушылықтарды да тергеу керектігі баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар