Ердоған мен Столтенберг телефонда сөйлесті

Телефондағы әңгімеде Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғалар, НАТО мен Түркия қарым-қатынастары талқыланды.

1496199
Ердоған мен Столтенберг телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефондағы әңгімеде Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғалар, НАТО мен Түркия қарым-қатынастары бағаландырылған. 

Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы әңгімеде Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мәселесінде дағдарыстың аяқтауын және диалог өткізуді қалайтынын тек ауыз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де ашық және нақтылы түрде көрсеткенін айтты. 

Грекияның дағдарысты асқындыруына және айтақтауларына қарамай Түркияның сабырлы және байсалды тұғыр көрсеткенін айтқан Ердоған жалғасып жатқан кездесулердің Грекияның жағдайды бәсеңдету үшін басатын қадамдарына байланысты екенін білдірді. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Шығыс Жерорта теңізі мәселесіндегі жасампаз талпыныстарын жақсы бағалағанын айтқан Ердоған Түркияның Шығыс Жерорта теңізі тақырыбында НАТО-да жалғасқан процеске басынан бері қолдау бергенін және ымыраласуды қалайтынын атап айтты. 

НАТО-да жалғасқан процесте Түркия ретінде келісімге жақындадық деп қарайтынын айтқан Ердоған НАТО ұйымшылдығының және осыған орай Түркиямен ұйымшылдықтың аймақтық мәселелерді шешуде маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар