Ердоған сот ашты

Ердоған өзіне балағат сөз айтып,  боқтаған грек газетіне сот ашты.

1494428
Ердоған сот ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған өзіне балағат сөз айтып,  боқтаған грек газетіне сот ашты.

Президент Ердоған адвокаты арқылы Грекияда жарияланатын «Dimokratia» газетінің қожайыны,  бас редакторлары жөнінде «Президентке балағат» айыбымен қылмыстық сот ашты.

«Грек газетінде президентімізге бағытталып қолданылған сөздер – трагедиялық моральдық қираудың үлгілерінің бірі» деп айтылған арызда «Грек қоғамының үнсіздігіне қарағанда, осы моральдық қирау аз ауқымда қалмағаны көрінеді» деп айтылды.

 Арызда былай жазылды: «Балағат – айтатын сөзі жоқтардың немесе айтатын сөзі болса да оны орынды түрде айту қабілетінін мақұрымдардың тілі.  Балағат – қарсысындағы адам үшін емес,  айтқан адам үшін ұят. Осы ұяттың нысанасы тек президентіміз емес.  Сонымен бірге президентіміз Шығыс Жерорта теңізінде және аралдарда табанды түрде қорғаған Ұлтымыздың мүдделері»



Ұқсас жаңалықтар