Қытай вакцинасы Түркияда егіледі

Қытайда өндірілген вакцина Бразилия мен Индонезияны қамтыған көптеген елде 10 мың кісіге егілді.

1491974
Қытай вакцинасы Түркияда егіледі

Қытайда өндірілген жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасының Түркиядағы сынақтары басталды.

3-ші кезең сынағы аясында вакцинаның алғашқы дозасы астана Анкарадағы Хажеттепе университеті Медицина факультетінде ерікті денсаулық қызметкерлеріне егілді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлемде жасалған вакцина жұмыстарының клиникалық сатысына Түркияның да қатысатынын хабарлады.

Қытайда өндірілген вакцина Бразилия мен Индонезияны қамтыған көптеген елде 10 мың кісіге егілді.

Қытайда өндірілген вакцина 25 орталықта сыналады. 10 күнде мың 300 денсаулық қызметкеріне егіледі.

14 күннен кейін шыққан нәтижелер Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен бөлісіледі. Артынан еріктілерді негіз еткен сұраныс бергендерге егіледі. 

Созылмалы аурулары бар 13 мың кісіге вакцина егу нысанаға алынды.

Жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігі қол қойған хаттамалар аясында жүргізіледі.    



Ұқсас жаңалықтар