Түркиядан Грекияға "Мейисти аралы" айыптауы

Түркия Мейисти аралына әскер жібергені алға тартылған Грекияны айыптап, наразылық көрсетті.

1481797
Түркиядан Грекияға "Мейисти аралы" айыптауы

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Грекияның Мейисти аралына әскер жібергені туралы баспасөзде шыққан хабарлармен байланысты сұраққа жауап қайтарды. 

Аксой Мейисти аралының мәртебесінің 1947 жылы Париж келісімімен белгіленіп, қарулардан тазаланғанын еске салды. 

Аксой «Баспасөзде орын алған жаңалықтар рас болса, бұл Грекияның құқық танымайтындығы мен шығыс Жерорта теңізіндегі нақты ниетін ашық ортаға қойған жаңа бір көрсеткіш» екеніне назар аударды. 

Аралдың мәртебесін заңсыз өзгертуге тырысқандарын және мұны қабылданбайтынын баса айтқан Аксой «Жағалауымыздың дәл алдында мұндай ашық арандатушылықтың мақсатына жетуіне рұқсат бермейтінімізді білдіреміз. Осындай арандатушы әрекеттер Грекияға ешбір пайда әкелмейді. Грекия аймақта шиеленісті арттыратын қадамдар басқан жағдайда, өзі өкінеді. Түркия халықаралық құқықтан туындаған құқығы мен мүдделерін соңына дейін қорғауда табанды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар