ҰҚМ Бангладешке тиесілі әскери кемені қалпына келтіреді

Бейруттағы жарылыста зиян келген кемені қалпына келтіру жұмыстары Түркияда жасалады.

1480368
ҰҚМ Бангладешке тиесілі әскери кемені қалпына келтіреді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейруттағы жарылыста зиян келген Бангладеш әскери-теңіз флотына тиесілі бір кеменің қалпына келтіру жұмыстарының Түрік Қарулы күштері тарапынан жүзеге асырылатынын білдірді.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда «Бейрутта болған жарылыста зиян келген дос және бауырлас Бангладеш Әскери-теңіз флотына тиесілі «BNS Bıjoy» атты кемені «TCG İnebolu» фрегатымен Түркияға әкелу процесі басталды. BNS Bıjoy Түрік теңіз күштерінің мүмкіншілігімен қалпына келтіріледі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар