Түркиядан АҚШ-қа Хамас наразылығы

Түркия АҚШ Сыртқы істер министрлігінің президент Ердоған жайлы сындарына наразылық көрсетті.

1479094
Түркиядан АҚШ-қа Хамас наразылығы

АҚШ-тың Хамас өкілдерін қабылдаған президент Режеп Тайып Ердоған жайлы мәлімдемесіне Түркиядан қатаң наразылық келді. 

Сыртқы істер министрлігінің тақырыппен байланысты мәлімдемесінде «Президентіміздің Хамас лауазымдыларын қабылдауы туралы АҚШ Сыртқы істер министрлігі жауапкершілігінен тыс мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемені еш қабылдамаймыз. Газа секторында демократиялық сайлаумен билікке келген Хамастың заңды өкілін «террорист» деп санауы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыру талпыныстарына үлес қоспайды» делінді. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігі президент Режеп Тайып Ердоғанның өткен апта Хамастан бір делегацияны күтуін сынға алған еді. 



Ұқсас жаңалықтар