"Ливияда әскери шешім қаламаймыз"

Түркия Ливияда қақтығыстың тоқтауын қалайды.

1474825
"Ливияда әскери шешім қаламаймыз"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ливияда саяси шешім болатынына сенетіндерін білдірді. «Біз Ливияның ешбір жерінде әскери шешімді қаламаймыз және әскери күрестің жалғасуын қаламайтынымызды қайталап айтып отырмыз» деді ол.

Al Jazeera телеарнасына сұхбат берген Калын Түркияның Катар және басқа да елдермен бірге Ливиядағы саяси бастаманы қолдау үшін жұмыстанатынын айтты. Ливияда саяси шешім болатынына сенетіндерін білдірген Калын Сирт және Джуфраға бір жыл бойы әскери материал жинақталғанын,  осыған алаңдайтындарын айтты.

Бұл жағдайдың бейбітшілік пен Ливияның территория тұтастығына қауіп төндіретінін атап көрсеткен Калын Түркияның Ливияның бөлінуіне байланысты барлық жоспарларға қарсы екенін айтты. Калын Түркияның Ливияда әскери шешім қаламайтынын білдірді. «Әскери күрестің жалғастырылуын қаламайтынымызды да қайталап отырмыз» деді ол.

Калын Ливияда ешбір елмен бетпе­-бет келуді қаламайтындарын да айтты. «Бізді уайымға салатын – Ресейдің Вагнер секілді ақылы әскерлерінің болуы және Біріккен Араб Әмірліктерінің Ливияның шығысындағы заңсыз көтерілісшіл Халифа Хафтарға қолдау көрсету үшін Судан, Нигер және Чад секілді елдерден ақылы жауынгер жолдауы» деді ол.

Ол Сирт және Джуфраның қарудан тазалануы ұсынысының қақтығыстардың тоқтауы үшін жақсы пікір болуы мүмкін екенін айтты.  Калын: «Ливия үкіметі Сирт және Джуфраның қарудан тазалануын қабылдаса,  оларға қолдау білдіреміз.  Алайда бұл әділ және ашық орындалуы керек. Осы қалалар саяси шешім үшін бастама болуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар