Президент Айдерде болды

Ердоған Айдердегі жұмыстарды тексерді.

1473899
Президент Айдерде болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ризенің Чамлыхемшин ауданындағы Айдер үстіртінде Қоршаған орта және Урбанизация Министрлігінің жұмыстарымен танысты.

Гүнейсу ауданындағы үйінен тікұшақпен Ардешенге барған Ердоған құрлық жолмен Айдер үстіртіне бет алды.

Жолда оны қарсы алған азаматтармен амандасқан Ердоған жергілікті басшылардан аймақта атқарылған жұмыстар туралы ақпарат алды.

Президент Ердоған жол жиегінде қайнатылған жүгері сатқан әйелден жүгері сатып алып, оны соңынан ерген журналистерге ұсынды.

Кейін Айдер платосына келген президент Ердоған қонақүйде таңғы ас ішті.

Президент Қоршаған орта және урбанизация министрлігінің Айдерді жаңарту және сақтау жобасы аясындағы жұмыстарды қарап шықты.



Ұқсас жаңалықтар