Алтун мен Челиктен Байденге қатаң наразылық

Фахреттин Алтун АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденге қатаң наразылық көрсетті.

1473612
Алтун мен Челиктен Байденге қатаң наразылық

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және жаңа президенттік сайлау үміткері Джо Байденнің Түркиямен байланысты жанжал туғызған сөйлемдеріне қатаң наразылық: «Батылы барғандарға жауап қайрылады».

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Байденнің мәлімдемесімен байланысты «Түркия демократиялық саяси атмосфераның мұндай жауапкерсіз баяндамамен бұзылуына рұқсат етпейді, президентіміз Ердоғанның басшылығында күресін жалғастырады» деді.

Фахреттин Алтун әлеуметтік медиадан жасаған мәлімдемеде Байденнің желтоқсан айында айтқан, алайда қазіргі таңда медиаға түскен сөздерін Түркияға қарсы ойналған ойындар және араласушы ұстанымдарының бір көрінісі екенін атап көрсетті.

Бұл сөйлемдердің демократия және Түркия-АҚШ өзара қарым-қатынастарының табиғатымен сәйкес келмейтінін баса айтқан Алтун «НАТО одақтасымыз болған АҚШ-тың бір президенттік сайлау үміткері ретінде дипломатияда да орны жоқ бұл сөйлемдердің қазіргі әкімшіліктің де жақтырмағанына сенеміз. Түркия саяси ойындарға қуыршақ болатын бір ел емес» деді.

Алтун АҚШ саяси мекемелері мен қоғамның күнделікті саяси жетістіктері үшін жасалғаны ашық түрде орта болған бұл жауапкерсіз мәлімдемелерге мән бермей тиісті наразылықты көрсетуінің демократияның шарты екенін атап айтты.

Алтун мәлімдемесінде «Түркия демократиялық саяси атмосфераның осындай орынсыз баяндарының бұзуына рұқсат берілмейді, президентіміз Режеп Тайып Ердоған басшылығында күресін жалғастырады. Ешкім ұлттық санамыз және демократиямызға шабуылдай алмайды. Халықтық сайлаумен билікке келген президентіміздің заңдылығын сұрай алмайды. Осыған батылдығы барғандар соңғы рет 2016 жылы 15 шілденің (Фетуллахшы террор ұйымы төңкеріс әрекеті) түнінде жауабын алды. Дос ретінде ескерту» деді.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик болса «Сөйлемдерінің ‘төңкеріс’ екенін өте жақсы біледі. Мұның атауы төңкерісшілдік. Венесуэладағы күн тәртібін Түркияға әкелуге тырысқан. Бұрын өздеріне қарасты қуыршақ мемлекеттерге жасағандарын қазір демократиялық елдерде жасауға тырысады. Мұның не НАТО одақтастығына, не болмаса демократиялық түсінікке қатысы бар. Түркияның президенті ұлттың шешімімен сайланған және міндетін атқаруда. Президентімізге қарсы саяси ұстаным Түркияға қарсы саяси ұстаным болып табылады» деді.

Желтоқсан айында Байден оппозицияға қолдау беріп, Түркиядағы билікті  өзгерте алатындары жөнінде жанжал туғызатын сөйлемдер қолданғаны ортаға шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар