Ердоған мен Чавушоғлу Израиль-БАӘ келісіміне наразылық көрсетті

Президент Ердоған Түркияның Абу-Даби әкімшілігімен дипломатиялық қатынастарды тоқтата алатындығының сигналын берді.

1473103
Ердоған мен Чавушоғлу Израиль-БАӘ келісіміне наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Абу-Даби әкімшілігімен дипломатиялық қарым-қатынастарды тоқтату үшін қадам басылуы мүмкін екенінің сигналын берді.

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазының артынан күн тәртібіне қатысты бағалау жасады.

Мәлімдемесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Израильмен ынтымақтастықты қалпына келтіру келісімін бағалаған Ердоған «Израильдің қазір әрі Мысыр, әрі Грекиямен ынтымақтастығы бар. Палестинаға бағытталған бұл әрекет қабылданар бір қадам емес. Абу-Даби әкімшілігімен әсіресе дипломатиялық қарым-қатынастарды тоқтату немесе біздің де өкілетті елшімізді елге шақыру сияқты бір қадамымыз болуы мүмкін. Палестина халқының қасындамыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Швейцарияда әріптесі Игназио Кассиспен бас қосқан соң баспасөзге мәлімдеме жасады.

Баспасөз жиналысында Израиль-БАӘ келісіміне наразылық көрсеткен Чавушоғлу «Бұл келісім Палестинаның күресіне қызмет етпейді. Палестинаны әлсірету үшін ойын ойналады. БАӘ аймақты тұрақсыздандыру үшін талпынуда. Өз мүддесі үшін Палестинаның күресіне сатқындық жасауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар