Түркия-Ресей ортақ күзеті жалғасуда

Түркия мен Ресейдің Идлибтегі ортақ күзеті жалғасуда.

1471857
Түркия-Ресей ортақ күзеті жалғасуда

Сирияда Идлибтегі М4 автожолында құрлық және әуе күштеріның қатысуымен 24-ші кезекті Түрік-Орыс ортақ құрлық күзету қызметі атқарылды.

Күзетке байланысты мәлімдеме Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінде жарияланды.

Мәлімдемеде:

"Түркия мен Ресей Федерациясы келісімі аясында Идлибтегі М4 автожолында белгіленген Трумбах-Аун аль Хавр базасында құрлық пен әуе күштерінің қатысуымен 24-ші кезекті Түрік-Орыс ортақ құрлық күзету қызметі атқарылды" деп көрсетілді.

Күзет жұмысына байланысты суреттер де бөлісілді.

Түркия мен Ресей жасақтарының алғашқы ортақ күзеті 15 наурызда бастаған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар