Президент Режеп Тайып Ердоғаннан тарихи шақыру

"Жерорта теңізіндегі барлық елдер бас қосайық".

1470479
Президент Режеп Тайып Ердоғаннан тарихи шақыру

«Жерорта теңізіндегі барлық елдер бас қосайық. Баршаға қолайлы және бәріміздің құқығын сақтайтын ортақ бір шешім іздейік».

Ердоған Президенттік үкімет кабинеті жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде соңғы кезеңде дағдарысқа себеп болған шығыс Жерорта теңізі мәселесімен байланысты тарихи бір шақыру тастады.

Түркияның шығыс Жерорта теңізіндегі келіспеушіліктерді келіссөз арқылы және әділ шешім негізінде шешуге әрдайым дайын екенін білдірген Ердоған «Түркия ешкімнің құқығы және жеріне көз тікпейді» деді.

Түркияны жағалауларына қамау бастамасын мойындамайтындарын атап көрсеткен президент Ердоған «Біз Жерорта теңізіндегі барлық елдер ретінде бас қосайық дейміз. Баршаға қолайлы және бәріміздің құқығын сақтайтын ортақ бір шешім іздейік» деген Ердоған «Бұл тақырыпта дұрыс ұстаным ортаға қойылғанша Түркия ретінде алаңда және дипломатиялық салада өз жоспарларымызды іс қосуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар