Езидилер  PKK террорының тұяғының астында тапталуда

Чавушоғлұ "Езидилер осы таңда да бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның зұлымдығында" деді.

1466480
Езидилер  PKK террорының тұяғының астында тапталуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ террор ұйымы ДАИШ-тің 6 жыл бұрын Иракта Мосулдың Санджар ауданына бағытталған шабуылда өлтірілген езидилердің қайғысының ұмытылмағанын білдіріп, езидилердің осы таңда да бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның зұлымдығында екенін түсіндірді. 

Чавушоғлұ осы тақырып жайлы твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде "Осыдан 6 жыл бұрын езидилерге  жасалған қырғын әлі есімізде. Өкінішке орай ДАИШ-тың зұлматынан құтқарылған езидилер осы таңда да PKK террорының тұяғының астында тапталуда" деген сөздер қолданды. 

Террор ұйымы ДАИШ 2014 жылы 3 тамызда Синджарға шабуыл жасап, мыңдаған езиди әйелі мен балаларын алып қашқан және еркектерін қырғындаған. 

ДАИШ-тың 2014 жылы маусым айында Ирактың көп жерін жаулап алуы және одан кейін болған қақтығыстар салдарынан 5 миллионнан астам ирактық үйлерін тастап кетіп, солтүстік және оңтүстіктегі қалаларға паналануға мәжбүр болған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар