Іздеу салынған террорист залалсыздандырылды

ҰБҰ залалсыздандырған террористтердің бірінің іздеу салынған Сейитхан Аджай екені анықталды.

1466302
Іздеу салынған террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Барлау Ұйымы (ҰБҰ) 2020 жылы 30 шілде күні Шырнак/Габар ауылдық аймағында залалсыздандырылған 4 террористің бірінің террор тізімінде орын алғанын анықтады. 

Мәлімдемеге қарағанда Ұлттық Барлау Ұйымының операциясымен Габар ауылдық аймағында залалсыздандырылған PKK-лық 4 террористің бірінің іздеу салынған террористтер тізімінде «Брюкс Израиль» лақапты Сейитхан Аджай екені анықталды.

Террорист Аджайдың PKK-ға 2006 жылы қосылғаны, 5 жыл Израильде өмір сүргені, 2018 жылы Мава аймағы жауапкері болғаны және соңғы рет Күпели/Габар аймағында шабуылдар ұйымдастырғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар