Ханиййе президент Ердоғанды Айя-Софияны ғибадатқа ашқаны үшін құттықтады

Хамастың басшысы Айя-Софияның ғибадатқа ашылуына орай Ердоғанға құттықтау жолдады.

1462309
Ханиййе президент Ердоғанды Айя-Софияны ғибадатқа ашқаны үшін құттықтады

Хамас басшысы Исмаил Ханиййе Айя-София-и Кебир мешітінің (Айя-София) ғибадатқа ашылуына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау жолдады.

Хамастың саяси бюросынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ханиййе президент Режеп Тайып Ердоғанға Айя-Софияның қайтадан ғибадатқа ашылуы және алғашқы жұма намазының оқылуының артынан құттықтау жариялады.

Исмаил Ханиййе құттықтауында Түркияның және президент Ердоғанның Палестина халқының Иерусалим мен Акса мешітінен бастап отан топырағы мен қасиетті құндылықтарын заңды түрде қорғау құқығына берген қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ханиййе сондай-ақ түрік және Палестина халықтарының басын қосқан бауырластықты мақтан тұтқанын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар