Жылдың басынан бері 1900 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар жылдың басынан бері 1900 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

1455639
Жылдың басынан бері 1900 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылы 24 шілде күнінен осы таңға дейін 17 мың 27 және жылдың басынан бері 1900 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. 

Хулуси Акар 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай Ұлттық Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйледі. Акар сөзінде "Фетуллахшы террор ұйымы ФЕТО-мен күресуді табанды түрде жалғастырамыз" деді. 

Акар "Террор басшысын жоюға бекем будық. 2015 жылы 24 шілде күнінен осы таңға дейін 17 мың 27 және жылдың басынан бері 1900 террорист залалсыздандырылды" деген сөздер қолданды. 

Ливия су айдындағы француз кемелері жайлы пайымдауға тоқталған министр Акар "Пайымдаулар мүлде жалған. Біздің дұрыс екеніміз дәлелденді. Француз одақтастарымыздың  бізден кешірім сұрауын күтеміз" деді. 

Арменияның Әзербайжанға жасаған шабуылы туралы Акар "Бұл опасыз шабуыл жасағандар шектен асқан бір әрекет істеді. Армения бұның есебін беруі керек" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар