3 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған "Пенче-Каплан операциясы" аймағында 3 террорист залалсыздандырылды.

1453712
3 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған "Пенче-Каплан операциясы" аймағында 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі "Пенче-Каплан операциясы" аймағында ПКК-ға қарасты террористер жасырынған мекен анықталғанын хабарлады. 

Мәлімдемеде жасырынған террористердің қарулы, адамсыз әуе көліктерінің қолдауымен залалсыздандырылғаны білдірілді. 

Күн бойы жалғасқан операцияларда Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин аймағында анықталған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға қарасты 2 террорист әуе әрекеті арқылы залалсыздандырылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар