Түркия саяхат үшін сенімді ел

Мәвлүт Чавушоғлұ Венгрияның Түркияны сенімді елдер тізіміне қосқанын және Түркиядан қайтқан азаматтарына карантин енгізбейтінін айтты.

1448699
Түркия саяхат үшін сенімді ел

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Венгрияның Түркияны сенімді елдер тізіміне қосқанын және Түркиядан қайтқан азаматтарды карантинге алмайтынын айтты. 

Анталияда мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ жаңа коронавирус процесінде Түркияның сенімді ел екенін білдіріп, "Венгрия Сыртқы істер министрі маған телефон шалып, Түркияны сенімді елдер тізіміне қосқандарын және Түркиядан қайтқандарға 14 күндік карантин шарасы қолданылмайтынын білдірді. Еуропа Одағының шешіміне қарамастан" деді. 

Министр Чавушоғлұ Түркияның Ұлыбританияның саяхат ескертуін күшінен қалдырған 59 елдің қатарында болғанын мәлімдеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар