Жылдың алғашқы жартысында 98 лаңкестік әрекеттің алды алынды

Қауіпсіздік күштері террормен күрес аясында операцияларын жалғастыруда.

1440228
Жылдың алғашқы жартысында 98 лаңкестік әрекеттің алды алынды

Қауіпсіздік күштері жылдың алғашқы жартысында жоспарланған 98 лаңкестік әрекеттің алды алды.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда елді қан көліне айналдырғысы келген PKK/KCK, ДАИШ және солшыл террор ұйымдары 2020 жылы да опасыз жоспарлар жасауда.

Бұл террор ұйымдарына қоса Фетуллахшы террор ұйымымен де (ФЕТӨ) бірдей уақытта күресін жалғастырған полиция мен жандармерия жасақтары террор ұйымы тарапынан жоспарланған қанды шабуылдардың алдын алу мақсатты жылдың алғашқы 6 айлық кезеңінде үздіксіз жұмыс істеді.

Бұл аяда 1 қаңтар - 20 маусым күндерінде 93 PKK/KCK, 2 солшыл террор ұйымы және бірі ДАИШ-тік террористтер жоспарлаған 96 лаңкестік әрекеттің алды алынды.

Жасалған операциялар барысында 42 PKK/KCK, 10 ДАИШ және 2 солшыл террор ұйымдарына мүше 54 күдікті тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар