40 елге ұшақ рейсі басталады

“10 маусым күнінен бастап сатылы түрде 40 елмен ұшақ рейстерін бастауды жоспарлап отырмыз” деді министр.

1429496
40 елге ұшақ рейсі басталады


Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаиолғлу 10 маусым күніне бастап сатылы түрде 40 елге ұшақ рейстерін бастауды жоспарлағандарын хабарлады. 

Министр коронавирус  эпидемиясымен күресті әлемнің басқа елдеріне қарағанда табыспен аяқтап қалған Түркияның “жаңа қалыпты өмір” шеңберінде қадамын сатылап басқанын айтты. Эпидемиямен күрес шараларының ең жоғары деңгейде атқарылып, 1 маусым күні ішкі желі рейстерінің басталғанын білдірген министр шетел желісі бойынша 92 елмен кездесулер жүріп жатқанына назар аударды. “10 маусым күнінен бастап сатылы түрде 40 елмен ұшақ рейстерін бастауды жоспарлап отырмыз” деді ол. 

Сыртқы желі рейстерінің өзара басталуына байланысты алғашқы сатыда 15 елмен келісім жасалғанын білдірген министр: “Шетелге рейстер үшін 92 елмен сөйлесіп жатырмыз.  Біз рейстердің сенімді болуын талқылап жатырмыз. Қазір сыртқы желі рейстерінің өзара ашылуы үшін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы,  Австрия,  Литва, Сербия,  Қазақстан, Албания, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Молдова, Өзбекстан,  Украина,  Марокко, Иордания, Судан және Италиямен келістік” деді. 

Министр Караисмаилоғлу 10 маусым күнінен бастап сатылы түрде басталатын рейстерді былай тізіп айтты: 

“10 маусымда СКТР, Бахрейн, Болгария, Катар, Грекия, 15 маусымда Германия, Австрия, Әзербайжан, Чехия, Хорватия, Гонгкок, Швеция, Жапония, Солтүстік Македония, Литва, Венгрия, Польша, Румыния, Сербия, Сингапур, Словения, Тәжікстан, 20 маусымда Нидерланды, Қазақстан, 22 маусымнан бастап Албания, Босния және Герцоговина, Дания, Эстония, Финляндия, Оңтүстік Корея, Ирландия,  Черногория,  Қырғызстан,  Латвия, Люксембург,  Норвегия, Словакия, 25 маусымда Бельгия”



Ұқсас жаңалықтар