Калын "France 24" телеарнасына мәлімдеме жасады

Калын бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG/PYD-ге қолдау жасаған елдердің Сирияның территория тұтастығы мен саяси бірлігі көзқарасына қайшы әрекет жасағандарын айтты.

1423764
Калын "France 24" телеарнасына мәлімдеме жасады

Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG/PYD-ге қолдау жасаған елдердің Сирияның территория тұтастығы мен саяси бірлігі көзқарасына қайшы әрекет жасағандарын айтты. 

Ибрахим Калын "France 24" телеарнасына мәлімдеме жасады.  

Түркияның Сирияда тек Франция мен Америка Құрама Штаттарымен ғана келіспеушілік болғанын түсіндірген Калын "Өйткені екеуі де террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG/PYD-ге қолдау көрсетуде. PKK Францияда және Еуропа Одағында террор ұйымы ретінде танылуда" деді. 

Кейбір елдердің Сирияда бір террор коридорын қалыптастыруға  тырысқанын баяндаған Калын бұның Сирияның территория тұтастығы мен саяси бірлігі көзқарасына қайшы екенін білдірді. 

Калын Сирияда араб, күрд, түрікмен және христиан сынды барлық топтардың Башар Асад режиміне қарсы келіссөз жүргізу керектігіне сенгенін білдіріп, "Белгілі этникалық немесе идеологиялық топты таңдай алмайсыз және оларға бөле-жарушылық жасай алмайсыз" деді. 

Мәлімдемесінде Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарға да тоқталған Калын президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Дональд Трамп арасында жақсы бір байланыстың болғанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар