ТИКА Йемен халқына қол ұшын беруде

ТИКА мен Апат және төтенше жағдай басқармасы Йеменнің Таиз және Тахидж уәлаятында 3 мың азық-түлік пакет таратты.

1423150
ТИКА Йемен халқына қол ұшын беруде

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі(ТИКА) мен Апат және төтенше жағдай басқармасы Йеменнің Таиз және Тахидж уәлаятында 3 мың азық-түлік пакет таратты. 

ТИКА-ның Йемендегі координаторы Абдуллах Сары Апат және төтенше жағдай басқармасымен бірге Таиз уәлаятында 2 мың, Лахидж уәлаятында 1 мың, сондай-ақ  жиыны  3 мың азық-түлік пакет таратқанын айтты. 

Сары Лахидж және Таиз уәлаятындағы жергілікті басшылармен бірге ақылдаса отырып, кедей-кепшік отбастарына жәрдем пакеттерін таратқандарын білдірді. 

Азаматтық соғыс 6 жылдан бері жалғасқан, ашаршылықпен арпалысқан, қиын шарт-жағдайда өмір сүрген  және құрылыстары қатты зақым көрген Йеменде ТИКА Түркияның жан-жақты гуманитарлық сыртқы саясатын атқаруда. 

Енді бір жағынан  Апат және төтенше жағдай басқармасы Ораза айт қарсаңында Сирияның Идлиб қаласындағы лагерьде өмір сүрген қиыншылығы бар отбастарына 3 мың пакет таратты. 

 



Ұқсас жаңалықтар