Әлемдегі елдердің көбі Түркиядан көмек сұрады

Октай Президенттік кешенінен телеконференция әдісімен интернет арқылы тікелей эфирге қатысты.

1418186
Әлемдегі елдердің көбі Түркиядан көмек сұрады

Вице-президент Фуат Октай коронавируспен күресте елдердің 70 пайызына жуығының Түркияда көмек сұрағанын білдірді. 

Октай Президенттік кешенінен телеконференция әдісімен интернет арқылы тікелей эфирге қатысты. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның лидерлігінде Түркияның Covid-19 -бен күресінің әлемге үлгі болғанына назар аударған Октай “супер күш” деп аталған көптеген елде паника болғанын,  Түркияда болса мұндай жағдай болмағанын білдірді. Октай көптеген елдің Түркиядан көмек сұрағанын білдіріп: “Әлемдегі елдердің үштен екеуі 70 пайызға жуығы Түркиядан көмек сұрады.  Маска,  комбинезон, қолғап,  тыныс алу аппараты секілді сұраныстар келді. Бүгінге дейін бізден көмек сұраған 80 елге көмек беру мүмкіндігіміз болды” деді. 

Ол Covid-19-бен күресте әлемге қажетті жасанды тыныс алу аппаратын Түркияның қысқа уақытта өндіргенін атап көрсетті. Вице-президент қорғаныс өнеркәсібінде жеткен жетістіктің медицина және автомобиль салалары мен пойыз өндіруде де жүзеге асатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар