Испаниядағы мұсылмандарға көмек

ТИКА Гранададағы мұсылмандарға азық-түлік таратты.

1417525
Испаниядағы мұсылмандарға көмек

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағындағы Гранада қаласында мұсылман отбасыларға рамазан көмегі шеңберінде азық-түлік таратты. 

Коронавирустан әлемде ең көп зиян көрген елдердің бірі Испанияда эпидемиямен бірге басталған экономикалық дағдарысқа байланысты көптеген отбасы күн көруде қиналуда. 

ТИКА және Гранада мешіті фондының ынтымақтастығымен рамазан айы бойы әр жұма сайын жүз отбасыға азық-түлік таратылады. 

Испаниядағы шамамен екі миллион мұсылманның 36 мыңнан астамы Гранадада тұрады.



Ұқсас жаңалықтар