ТИКА Пәкістан Ердоған емханасына жәрдем жолдады

ТИКА Пәкістан Режеп Тайып Ердоған емханасына медициналық жабдықтар мен тазалық материалдарын жәрдемге жолдады.

1416082
ТИКА Пәкістан Ердоған емханасына жәрдем жолдады

Түркия жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетімен күрес аясындағы жәрдемдерін жалғастырып жатыр.

Түрік Ынтымақтастық және Координация агенттігі ТИКА Пәкістан Режеп Тайып Ердоған емханасына медициналық жабдықтар мен тазалық материалдарын жәрдемге жолдады.

ТИКА-дан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Оңтүстік Панджап аймағының Муззаффаргарх қаласындағы Пәкістан Режеп Тайып Ердоған емханасына жалпы 12 мың 500 бөлшектен тұратын операциялық маска, KN95 медициналық маска, Covid-19 сынама жиһазы және дезинфектант тазалық материалдарын жәрдемге жолдады.

Емхананың Бас дәрігері Джавад Ирфан Түркияға жәрдемдеріне орай алғыс айтты, қажет болған кезде әрқашан Пәкістан халқының қасынан табылған ТИКА-ға борыштылық сезімдерін жеткізді.

Эпидемия емханасы ретінде қызмет атқарып жатқан Пәкістан Режеп Тайып Ердоған емханасының аталмыш медициналық жабдықтармен қолдау арқылы індетпен күрестегі қажеттерін қамдауы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар