Әрі дәрі, әрі вакцина жобалары жалғасуда

"Маусым айында дәрінің сүйіншісін беріп қалуымыз мүмкін" деді министр.

1416488
Әрі дәрі, әрі вакцина жобалары жалғасуда

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк коронавирусты ерте анықтайтын және әлемге үлгі болатын жаңа жиһаз жетілдірілгенін және прототиптің маусым айында аяқталатынын айтты.

Мұстафа Варанк «Covid-19 Түркия платформасы» ұйымдастырған «Түркияның диагноз күші конференциясында» сөз сөйледі.

Вакцина және дәрі жетілдіру жұмыстарын вирус елге келместен бұрын бастағандарын еске салған министр: «Еліміздің ең беделді ғалымдарымен бас қостық, жол картасын бірге дайындадық. Қазір 17 жоба жалғасуда.  Осылардың ішінде 8 вакцина жобасы жүріп жатыр. Жылдың аяғында клиникадан бұрынғы сатыларының аяқталуы көзделіп отыр» деді.

Министр Варанк дәрі саласында 9 жобаның жалғасуда екенін айтып: «Маусым айында осы жобалардың бірінде отандық мүмкіндіктермен синтез дәрі саласында сүйінші береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар