Ердоған ұлтқа берген уәдені орындайтындарын айтты

Ердоған: "18 жылдан бері болғанындай, коронавирус эпидемиясымен күресте ұлтқа берген уәделерді де орындаймыз" деді.

1416089
Ердоған ұлтқа берген уәдені орындайтындарын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 18 жылдан бері барлық уәделерін орындағандарындай, коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күресте ұлтқа берген уәделерін орындайтындарын және Түркияның сүрінуін күткендерді тағы бір мәрте қапыда қалдыратынын айтты. 

Президент Ердоған әлеуметтік желі Твиттерден ойларын бөлісті.

"Біз құрғақ сөз сөйлеу емес, нақтылы еңбек ету талпынысындамыз. 18 жылдан бері барлық уәделерді орындағанымыз сияқты, коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күресте ұлтқа берген уәделерімізді орындаймыз, Түркияның сүрінуін күткендерді тағы бір мәрте қапыда қалдырамыз" деді президент Ердоған. 



Ұқсас жаңалықтар