Соңғы 1 тәулікте Түркияда 47 адам қайтыс болды

Әр салада қабылданған шаралар нәтижесін бере бастады.

1414446
Соңғы 1 тәулікте Түркияда 47 адам қайтыс болды

Түркияда өлім-жітім мен жаңа оқиға саны күн өткен сайын азайып келеді. Қабылданған шаралар нәтиже бере бастады. Соңғы 1 тәулікте Түркияда 47 адам қайтыс болды.

Түркияның коронавируспен күресінде өлім-жітім мен жаңа оқиға санының азаюы жалғасуда.  Cоңғы 1 тәуліктегі 47 адамды қосқанда, қайтыс болғандардың жалпы саны 3 мың 786 болды. 36 мың 187 сынама жүргізіліп, 1 мың 542 жаңа оқиға тіркелді. 

Сауыққан 3 мың 211 адамды қосқанда, осы аурудан жазылып шыққан адам саны 92 мың 691-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар