Түркия НАТО одақтасы АҚШ-қа медициналық көмек жолдады

АҚШ-тың Түркиядағы Өкілетті елшілігі Түркияға алғысын білдірді

1406656
Түркия НАТО одақтасы АҚШ-қа медициналық көмек жолдады

Түркияның жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы ауыр ықпал еткен  Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) медициналық жәрдем тасымалдаған әскери жүк ұшағы Анкарадан көтерілді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Сovid-19 эпидемиясымен күреске қолдау мақсатты Түркия бүкіл әлемде эпидемиядан ең көп зардап шеккен елдердің бірі болған АҚШ-қа операциялық және N95 сақтандыру маскалары мен сақтандыру киімдеріне қоса көптеген қорғаушы материал жолдады.

Ұлттық Қорғаныс және Денсаулық сақтау министрліктері дайындаған материалдар A 400M әскери жүк ұшағына жүктелді.

Анкара Этимесгут әскери әуежайынан АҚШ-қа қарай бет алған жәрдем пакеттерінің үстіне президенттік ел таңбаға қоса, 13-ші ғасырда өмір сүрген ғұлама және сопы Мәулана Джелаледдин-и Румидің «Үмітсіздіктің артында қаншама үміт бар, түнектің артында қаншама Күн бар» деген сөздері ағылшын және түрік тілдерінде жазылды.

АҚШ-тың Түркиядағы Өкілетті елшілігі хабарлама жариялап Түркияға алғысын білдірді.

Хабарламада «Covid-19 эпидемиясымен жаһандық деңгейде жалғасқан күрес сияқты қиын кезеңдерде ортақ көзқарастарды бөліскен одақтас және ортақтар арасында жақын ынтымақтастық, жылдам және ықпалды бір жауап қайтару аса маңызды болып табылады. Ешкім мұны бір өзі жасай алмайды. АҚШ Үкіметі атынан НАТО одақтасымыз Түркияға бүгінгі жомарт медициналық жабдық пен аса маңызды материалдар үшін алғысымызды айтамыз. Жіберілген бұл көмектер АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастың мықтылығы мен ең маңызды одақтастарымыздың бірі екенін көрсетуде. Түркиямен бұл және басқа тақырыптарда ортақ көптеген ынтымақтастықты жалғастыруды асыға күтеміз. Американ халқына қолдауы және достығы үшін түрік үкіметі мен ұлтына алғысымыз шексіз» делінді.

Түрік Қарулы күштеріне тиесілі A 400M жүк ұшақтары қазірге дейін Италия, Испания, Македония, Черногория, Сербия, Босния-Герцеговина, Косово, Ұлыбритания және Сомалиге медициналық көмек жеткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар